20
Мамыр

Ақжолдық» мәслихат депутаты асфальт төсеу жұмыстарына бақылау жүргізді

2024 жылы 20 мамырда «Ақ жол» демпартиясы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мәслихаты депутаты Ғибрат Тапақов өз округіне қарасты Құрылыс ауылындағы ауылішілік асфальт төсеу жұмыстарына бақылау жүргізді.  

Алдын ала тағайындалған жоба бойынша, асфальт төсеуді қажет ететін аумақтық жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайды. Өз кезегінде, депутат Ғибрат Тапақов асфальт төсемінің сапалы болуын қадағалайтынын жеткізді.