15 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» Демпапртиясы Ақтөбе облыстық
филиалы
15 ақпан «Ақ жол» демпартиясы Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаты Асқар
Тлеубергенов өзіне қарасты округтердің бірі Құршасай ауылына іс-сапармен барды.
Іс –сапар ең алдымен, Құршасай ауылындағы № 77 білім беретін жалпы орта мектепте басталды. Мектеп директоры Ағрыс Шағирова мектептің жай күйімен таныстырып, ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету кабинеті ашылғандығын жеткізді.
Аталмыш кабинетте
белсенді азаматтармен, ата-аналар кеңесімен отбасылық құндылықтарды дәріптеу
мақсатында оқушылармен кездесу ұйымдастыратын болады. Өз кезегінде «Ақжолдық»
депутат жаңа кабинеттің ашылуымен құттықтап, оқушыларға жылы лебізін білдірді.
Әрі қарай, депутат Асқар Тлеубергенов «Астана»
ауданы әкімінің “Құршасай” елді мекенінің тұрғындарымен кезекті есепті
кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында, аудан әкімі жасалған жұмыстарға тоқталып, 2024 жылы алға койылған жоспарлар туралы айтылды:
1) қиыршық тас төсеу жұмыстары жалғастыру, шамамен 13 шақырым көше қиыршық таспен жабылады;
2) ескі электр бағаналарын ауыстыру;
3) көшелерді жарықтандыру жалғасады;
4) 150 орындық мәдениет үйін салу;
5) Құрашасай кенті бағытындағы маршруттық
автобустардың саны қөбейту;
6) Су тасқынының алдын алу;
Тұрғындар бірқатар сұрақтар көтерді: қоғамдық көлік,
жол, жарықтандыру, аялдама, сияқты мәселелер көтерілді. Бұл сұрақтар бойынша,
«Ақжолдық» депутат аудан әкімімен бірге өз бақылауына алатынын жеткізді.