21 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық
филиалы
Депутат Бурыл ауылындағы салынған жаңа типтегі спорт кешенінің құрылыстың сапасына қатысты өз ойын жеткізді. Мердігер жауапты болса, құрылыс барысында кемшіліктер орын алмайтынын қозғаған Дәурен Ахметжаев құрылыстың жақсы жүргізілгенін айтты.
Сондай-ақ депутаттар тобы аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен
танысты.
Сарыкемердегі аудандық емхананың жай-күйін көрді.
«Аудандық емханаға салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша дәрігер штаты
жоқ. Штат ашу мәселесін көтеріп, облыстық денсаулық сақтау басқармасына
ұсыныспен шығу қажет. Сондай-ақ Үлгілі ауылында спорт кешені жоқ. Ауыл жастары
Мәдениет үйінің бір залында жаттығып жүр. Бұл ауылға ангарлық типтегі бір спорт
кешенін салып берсе, жас жеткіншектердің спортпен шұғылдануына көп мүмкіндік
туады», - дейді Д.Ахметжаев.