15 ақпан 2024 жылы 15
ақпан күні Жетісу облыстық мәслихат депутаты Қажы Қайыр, депутаттық жұмыс
кестесіне сай облыстық "Ақ жол" партия филиалының кеңсесінде қоғамдық
қабылдау өткізді.
Кездесуде бірқатар
азаматтар өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Кездесу барысында жеке кәсіп
ашу жолдары, көшелерді жарықтандыру ,Ауыл аманаты бағдарламасы сынды бағыттарда
өтініштер қаралды, сонымен қатар Алмалы саяжайы бойынша ауыз су мәселесі
көтерілді.
Жоғарыда көрсетілген
мәселелер бойынша тиісті шаралар жүргізілетін болады.