2024 жылдыің 1 сәуір күні «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық
филиалының төраға орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова мен партиядан сайланған
облыстық мәслихат депутаты Дәурен Ахметжаев Тараз қаласының жастарымен кездесу
өткізді.
Кездесуде ақжолдықтар жастарға
партия бағдарламасы мен атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтіп, сұрақтарға
жауап берді.
Дәурен Ахметжаев өзінің еңбек жолына, депутат ретінде
атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Жастарға мамандық таңдауда кеңес беріп,
еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы тілге тиек етті.
Жастар сұрақ қойып, өздерінің ойын бөлісті.