27
Мамыр

«Ақжолдық» мәслихат депутаты тұрғындардың мәселесін шешті

Көкшетау қаласының Застанционный шағын ауданының тұрғындары көптеген жыл бойы елді мекеннің ағынды судан зардап шегіп келді. Ағынды  суды арнайы арықтармен ағызу түйткіл мәселеге айналған еді. Бұрынғы уақытта болған дренаж жүйесі бұзылып, шағын ауданның белгілі бір бөлігі батпаққа айнала бастаған-ды. Үйлердің қабырғалары қопсып, қирап, қоршаулары құлап жағдайына жетті.

Биылғы су тасқыны кезінде үйлерге су кіріп, адамдар көшуге мәжбүр болды. Мүліктеріне де едәуір зақым келді.

Осындай өзекті мәселе шешуін таппағасын тұрғындар “Ақ жол” ҚДП Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Саят Сыздықовқа жүгінген еді. Халық қалаулысы шағын аудан мәселесін дереу қалалық мәслихатқа, әкімдікке жеткізді.

Осылай тұрғындарды толғандырған мәселелерді шешуге мүмкіндік туды. Су жолына төселген талшықты оптикалық кабельге тигізбестен тұйыққа темір жолдың астынан өтетін дренажды арық жасау мүмкіндігі пайда болды.

Жергілікті тұрғындар өз кезегінде ақжолдық депутатқа ризашылығын жеткізді.