Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті кәсіпкерлермен еркін форматта кездесті. Кездесуге "Ақ жол" ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Батырбек Әшірбаев қатысты. Өңірдің кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына өз әсерін тигізетін жаңа жобалармен таныстыру мақсатында өткен басқосуда жас кәсіпкерлер облыс аумағында атқарып жатқан жұмыстарының барысымен және алдағы жоспарларын бөлісті.
Кәсіпкерлер құрылыс, логистика, фармацевтика салаларына
инвестиция салуға ниетті. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы өндірістік паркте
орналасқан жиһаз шығаратын кәсіпорын бағытын кеңейтуді жоспарлауда. Облыс әкімі
Дархан Амангелдіұлы кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын толық
инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша және мемлекет тарапынан қажетті қолдау
жұмыстары атқарылатынын жеткізді.