Жуырда Жамбыл облысына жасаған сапар барысында (14 тамыз https://t.me/peruash/9565) Тараз қаласындағы істемей тұрған субұрқақтар туралы репортажымыздан соң, бүгін кешке, бірер сағат бұрын ғана қаладағы барлық субұрқақтар іске қосылды.
Тұрғындар аптап ыстықта сая тауып, кешкі салқында балаларымен сылдыраған судың дауысын естіп, таза ауа жұтып демалғандарына разы.
Депутаттарымыздың ұсынысын назарға алған қала әкімдігіне алғыс айтамыз (жұмыс істемей тұрған субұрқақтар мәселесін қалалық маслихатта «Ақ жол» демпартиясының депутаттары Бауыржан Найзақұлов пен Руслан Мырқалықов көтерді).
Бұл субұрқақтарды бірнеше ай бұрын іске қосып, қала тұрғындарына салқындық сыйлағанда ғой...
Қалай болғанда да, ештен кеш жақсы.