5 наурыз 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының
баспасөз қызметі
Республикалық штабтың мүшесі Берік Дүйсембинов, бір мандатты округ бойынша «Ақ жол» демпартиясы атынан үміткер Меруерт Қазбекова және жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Берік Дүйсембинов жиналғандарды партияның саяси бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. «Ақ жол» демпартиясының бастамалары мен парламентте атқарылған жұмыстарына тоқталды. Астана іргесіндегі қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым мәселелерін көтерді.
Кандидат «Ақ жол» партиясы бұл мәселелерді шешу үшін Парламенттің мемлекеттік бюджетті бекіту мен бақылаудағы өкілеттігін күшейту қажет деп санайтынын атап өтті. Себебі, кез келген мәселені шешудегі мемлекеттің мүмкіндіктері бюджетпен анықталады. Мемлекет тыңдап ғана қоймай, мәселені шеше де білуі керек. Проблемаларды көтеріп, өтініштерді қабылдау жеткіліксіз, қоғам күткен нақты қадамдарға қол жеткізу әлдеқайда маңызды. Сондықтан, Үкімет келісімінсіз Парламенттің сайлаушылардың қажеттіліктеріне қаражат бөле алатын құқығы болуы керек.
Жиналғандар ауыз су, электр энергиясының бағасы, жол жағдайы, қоқыс шығаруға қатысты сұрақтар қойды.
Қосша тұрғындары «Ақ жол» демпартиясы кандидаттарына Парламентке өтуге тілектестік білдіріп, қаланың тұщы су мәселесін көтеруді өтінді. Өйткені жергілікті билік жылдар бойы құдық мәселесіне көз жұмып келеді. Тұрғындар партияның саяси бағдарламасын қолдап, «Ақ жол» кандидаттарына жеңіс тіледі.