16
Мамыр

«Ақжолдық» Шымкент қалалық мәслихатының депутаты қоғамдық қабылдау өткізді

16 мамыр 2024 жылы қалалық мәслихаттағы  "Ақ жол" депутаттық фракциясының жетекшісі  Исламбек Насруллаұлы Төлебаев   қоғамдық қабылдау өткізді.

Исламбек  Насруллаұлы қоғамдық қабылдауға келген қала  тұрғындарының мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді және олардың шешілуіне бар күшін салып,  ықпал жасайтының жеткізді.