2024 жылдың 11 наурызында “Ақ жол” демократиялық партиясының Жаңаөзен
қалалық мәслихат депутаттары Нұрлан Белшер мен Жалғас Агисов Кендірлі және
Рахат ауылының сайлаушыларымен кездесті.
Кездесуге Жаңаөзен қалалық мәслихат төрағасы Ғ.Байжанов, Кендірлі ауылының
әкімі М.Уйсенов, Рахат ауылының әкімі Р.Сырымов, Қоғамдық кеңес мүшесі Қ.Жайлы
және қаладағы мекеме басшылары қатысты.
Жиында тұрғындар көкейтесті сұрақтарына сол жерде жауап алып, ауылдың
әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында ұсыныстарында айтты. Кендірлі халқы
ауылда көше аралықтарына асфальт жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын салу
мәселесінің өзекті екенін жеткізді.
Сондай-ақ тұрғындар ойын алаңдарын салу, ауыл тұрғындарының, мектеп
оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қараусыз, қаңғыбас
иттерді аулау, № 5 қоғамдық көлікті жаңарту және оның уақытылы жүруін
қадағалау, аялдамалар мен жасанды жол кедергісін орнату, жарық шамдары жоқ
көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын уақытында жүргізу, тұрғын
үй салу мақсатында жер телімдерін беру, ауыз су мәселесі, қоғамдық жұмыста
жүрген азаматтардың жалақысын көтеру т.б. мәселелерді тілге тиек етті.
Жиында сайлаушылардың көтерген мәселелеріне іс-шара жоспары жасақталатын
болды. Сондай-ақ бұл мәселелерді депутаттар жауапты органдарға жазбаша
жолдайтындарын жеткізді.