12 қыркүйек 2023 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі
Бүгін “Ақ жол” демпартиясы атынан сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттары Нұрлан Белшер мен Жалғас Агисов Жаңаөзен қаласындағы Ақсу шағын ауданының 13-інші көше тұрғындарымен кездесіп, көкейтесті мәселелерін тыңдады. Кездесуге Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы әкімінің орынбасары Қазыбек Табанбаев, Asu Oil Trabe ЖШС өндіріс бойынша орынбасары Орынша Сантурова, Жаңаөзен қалалық ветеринарлық станциясы басшысының м.а Абдулхамит Ергалиев, Жаңаөзен ҚПБ ЖПҚб УПИ полиция капитаны Бағлан Сариев қатысты.
Жиын барысында
жаңаөзендіктер көше тазалығы үшін орнатылған қоқыс контейнерлерінің аздығын
тілге тиек етіп, контейнерлер санын көбейтуді айтты.
Сондай-ақ
жауын-шашын болса көше жолдары лай батпаққа айналатынын айтып, жолды құм төсеп
тегістеп, көтеру керектігін жеткізді.
Мұнан бөлек тұрғындар көшедегі бұралқы иттер мәселесінде көтерді. Сол көшедегі бір тұрғынның иті өзге тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіретіндігі анықталып, учаскелік полиция инспекторы иттің иесіне хаттама толтырды.
Жиын соңында
депутаттар айтылған барлық мәселелерді шешу үшін тиісті мекемелерге ұсыныстар
жолдайтынын жеткізді.
Ал ауыл
үлкендері халық қалаулыларына баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.