23
Мамыр

Ақжолдық жастар «Самал» лагерінде экологиялық акция өткізді

23 мамыр 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Ақжолдық жастар  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінің қарсаңында «Самал» туристік лагері аумағын тазалап, гүл көшеттерін отырғызып, нысандарды сырлап абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

«AQ JOL» ҚДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының жастар қанаты мұндай шаралар тек демалыс орнын көркейту ғана емес, жастарды еңбекке, табиғатты аялауға тәрбиелеудің бір жолы ретінде қалыптастыруда. Сонымен қатар, бұл — қоғамға пайдалы болуға, бірлік пен белсенділікке үндейтін үлгілі бастама.

Ақжолдықтар мұндай экологиялық акцияларды алдағы уақытта да жалғастырып, жастардың белсенділігін арттыруды мақсат етіп отыр.

Ақ жол — таза болашақ жолы!