7 шілде 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан Тараз қалалық
мәслихатына сайланған депутат Руслан Мырқалықов, партия филиалы Жастар
қанатының көшбасшысы Қадыржан Есенов, белсенді жастар, тоғызыншы әкімшілік
округінің тұрғындары балалар ойын алаңын қоқыстан тазартты. Ақжолдық жастар сол
маңдағы тұрғындарға волонтерлік көмек көрсетті.
Он жыл бұрын Гоголь бұрылысының және
Ақмолда батыр көшесінің қиылысындағы аумақта салынған балалар ойын алаңы салынған
болатын. Ойын алаңының қазіргі жағдайы мүшкіл халде. Әткеншектердің ағашы
сынған, орындықтар әбден тозған. Сырғанақ, әткеншектердің қаңқасы ғана қалған.
Көше тұрғындары өздері жиналып, ойын алаңының аумағын өздері тазартып, реттеп
тұрады екен. Тұрғындар қала әкімдігі балалар ойын алаңын жаңартып берсе дейді.
Руслан Мырқалықов кезінде осы мәселені
көтеріп, депутаттық сауал да жолдаған. Жауапты органдар ойын алаңын жаңғыртуды
жоспарға енгізіп, проблеманы шешуге уәде еткен екен. Алайда проблема әлі де өзекті
күйінде қалып отыр.