08
Сәуір

«Ақжолдық» жастар Жолдауды қолдайды - 'Оңтүстiк Қазақстан' газеті

Онтустiк Казахстан (Шымкент), № 48 (19668), 03.04.2014

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы ОҚО филиалы мен «Ақ жол жастары» жастар қоғамдық бірлестігі өкілдері талқылады. Елдің басты саяси құжатында айтылған мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.

—Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында жастар ерекше көңіл бөлді. Сол себепті «Ақ жол» партиясы облыстық филиалы мен біздің қоғамдық бірлестік оңтүстікқазақстандық жастардың арасында Жолдауды насихаттауға өз үлестерін қосуда. Бұл бағыттағы іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Сондай-ақ, Жолдаудағы басты мәселелердің бірі ұлтаралық татулық пен конфессияаралық төзімділікті нығайту. Біз бүл бағытта да партияластарымыздың, жалпы көпшіліктің арасында түрлі шаралар атқарудамыз. Бір сөзбен айтқанда, “ақжолдық” жастар Елбасының бағыт-бағдарын толық қолдап, қуаттайды. — дейді «Ақ жол жастары» бірлестігінің төрайымы Нәзипа Мамықова.

Айта кетейік, басқосуға партия филиалының белсенділері мен жастар ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, Жолдауда айтылған мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Филиал төрағасы А.Орман ұсыныстар мен ой-пікірлерді партияның Парламенттегі фракциясына жеткізуге уәде етті.