1 маусым 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы фракция
жетекшісі Қайрат Жомартұлы Боранбаев және "Ақ жол" партиясының
мүшесі, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық ҚБ жетекшісі Елена
Юрьевна Ан бүгінгі 1-маусым "Балаларды қорғау күніне" орай балаларға арнап "Гаджетсіз бір сағат" атты
керемет мереке сыйлады.
Мерекеге облыстағы барлық этномәдени орталықтарының 5-12 жас аралығындағы
балалары мен бүлдіршіндері қатысты. Мерекеде балалар түрлі ойындар ойнап, ән
салып, би биледі және 3 топқа бөлініп эстафеталық жарыстарға қатысып, сыйлықтар
алды.

