4 қыркүйек 2025
жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Қаражал қаласы бойынша ҚДП «Ақ жол»
филиалының үйлестірушісі Сексен Сүлейменов, қала әкімінің орынбасары А.Наукенов,
Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы З.Оспанова, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
бөлімінің басшысы Б.Қален, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат
депутаты Аслан Сүлейменов пен қалалық
депутаттар бірлесіп 2025–2026 жылдардағы жылу маусымына дайындық барысын
тексерді.
Бақылау барысында коммуналдық
қызмет көрсетуші мекемелердің жұмысына назар аударылып, бірқатар
сын-ескертпелер айтылды. Жауапты органдарға анықталған мәселелерді дер кезінде
шешіп, алдағы жылу маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету тапсырылды.



