12
Тамыз

Ақжолдықтар №9 IT лицейдің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев,төраға орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов

«Аманат» партиясының мәслихат депутаты Дария Пернешқызы Қожамжарова,

қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Баршагүл Қашқынқызы Исабек.

Ө.А. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейдің жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты.

Қазір білім ордасында капиталды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Депутаттар мен мектеп директоры Абилдаева Гүлназ Сайлауқызы,құрылыс басқармасы және мердігер мекеме өкілдерімен бірге нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.

Депутаттар 1 қыркүйекке дейін оқу орнының толық дайын болуын қамтамасыз ету үшін дайындықты қарқындату, құрылыс жұмыстарын күшейту, материал сапасына жіті көңіл бөлу және нысанды уақытылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.