5 наурыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы,
Қызылорда облыстық мәслихатындағы "Ақ жол" партиясы фракциясының
мүшесі Б.Сандыбаев облыстық мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Ғ.Қалиевпен бірге қаланың сол жағалауындағы бюджет
есебінен салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмысын тексерді.
Мақсат - бюджет қаражатының тиімді игерілуін және құрылыс жұмыстарының
уақытылы әрі сапалы салынуын қадағалау.
Алдымен 11000 жанкүйерге арналған "УЕФА" талаптарына сай салынып
жатқан стадион құрылысын, одан соң 300 орынға арналған жатақханасы бар 400
орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернатының құрылысын және
музыкалық колледж құрылыстарының жұмыс барысын тексерді.