25 ақпан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы
Алматы облысы Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округі, Алмалыбақ ауылына
кезекті іс сапармен “Ақ жол” демпартиясының облыстық филалал басшысы Шынасылова
М, облыстық маслихат депутаты Горяной С, облыстық филиал басшысының орынбасары
Сағымбекұлы А барды. Ауылға барғандағы басты мәселе ол: ауылдың сырт жағында
1960 жылдардан бері орналасқан кәріз (канализация) суларының көлшіктерінің ЖШС “BEYAZH
TRANS” компаниясына өтіп, қазіргі уақытта сол серіктестіктің рұқсатымен басқа
да ауылдардан және Каскелен қаласының балабақша, мектеп, ауруханаларының қалдық
суларының әкеліп құйылуында. Бұл су жайылып жанында орналасқан бейіттерді басып,
“Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу” институтына қарасты
эксперименттік егістіктерге құйылуы күрделі мәселе екендігі туралы осы
институтта өткен жиында айтылды. Бұл кездесуге институттың қызметкерлері, ауыл
тұрғындары, “BEYAZH TRANS” ЖШС басшысы және де Ұмтыл ауылдық округінің әкімі
қатысты. Жиналыс соңында біздің тараптан беретін аудан әкімдігіне және облыстық
маслихат басшылығына ұсыныстар жайында айттық. Жиналыстан кейін, Қарасай
ауданының әкімшілігіне барып Тұрғын үй және коммуналдық басқарма басшысымен
кездесіп мәселені талқыладық. Мекеме басшысы келесі аптада жиналыс өткізіп, отырыстың
хаттамасын филиалға жіберетінін жеткізді.