24
Шілде

Ақжолдықтар «АРАЛ ГАЗ» ұжымымен кездесті

Ақжолдықтар «АРАЛ ГАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымымен кездесті.

«Ақ жол» Демократиялық партиясының Қызылорда облыстық штабы 2026 жылдың 23 шілдесінен бастап Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Алғашқы үгіт-насихат жұмысымен кездесу Қызылорда қаласының Белкөл кентінде орналасқан «АРАЛ ГАЗ» ЖШС ұжымында өтті.

Партияның Қызылорда облыстық штабының мүшелері ұжым қызметкерлеріне «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасымен, шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы тың идеяларымен бөлісіп, партияның негізгі ұстанымын түсіндірді және атқарылған жұмыстар туралы да мәлімет берді.

 «Ақ жол» партиясы Құрылтай сайлауына 63 адам ұсынғандығы туралы және оның біреуі өз араларындағы әріптестері Ақманат Төлегенова екендігін айтты.  

Ақжолдық штаб мүшелері кездесуге келген «АРАЛ ГАЗ» мекемесінің ұжымын Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.