13
Ақпан

Ақжолдықтар Қарасай ауданындағы Тұрар ауылына іс сапармен барып қайтты

13 ақпан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Бүгін Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясы филиалының басшысы Шынасылова М. облыстық маслихат депутаты Горяной С. және филиал басшысының орынбасары Сағымбекұлы А. Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Тұрар ауылына іс сапармен барып қайтты. Сапар барысында ауылдын орта мектебіндегі күрделі болып тұрған 1-2 мәселеге тоқталып, мектептің тәрбие завучі мен және психолог мұғаліммен пікір алмасты. 600 оқушыға арналған мектепте 1345 оқушы оқиды. Ғимарат ішіндегі дәретхана тек кіші сыныптарға арналған. 2025 жылдын жаз айында мектеп ішіне дәретхана салынуы жоспарланғаны және қаражат бөлінгені туралы ауыл әкімі Нұрақынов Дидар хабардар етті. Осы ретте айта кететін мәселе ол 2018 жылы мектепте жасалған жөндеу жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі қазіргі уақытта мектеп ұжымын алаңдатуда. Ол салқын кабинеттер, кітапхана және акт залы. Қойылған жылу батареяларының шаршы метрге шаққанда аздығы. Спорт залдың төбесінен қар және жаңбыр суының өтуі ұстаздарды алаңдатады. Олар аудан әкімдігіне хат жазғандары туралы да кездесуде айтылды. Біз де өз тарапымыздан аудан әкімшілігіне хабарласып мән-жайді қадағалауға сөз бердік. Мәселелер шешімін табады деген ойдамыз.