12
Қыркүйек

Ақжолдықтар Қаражал қаласындағы 12-ші орамдағы 3-ші үйдің шатырын жөндеу жұмыстарына барып, бақылау жасады

12 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Қаражал қаласының ҚДП «Ақ жол» филиалының үйлестірушісі Сексен Сүлейменов, қалалық мәслихат депутаты Аслан Сүлейменов және қала әкімінің орынбасары Аманғазы Наукенов тұрғындардың өтініші бойынша 12-ші орамдағы 3-ші үйдің шатырын жөндеу жұмыстарына барып, депутаттық бақылау жасады.

"Ақ жол" партиясы әрқашан халықтың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстап, азаматтардың өтініштері мен талаптарының уақтылы шешілуіне атсалысады.

Партияның басты мақсаты – халық сенімін ақтап, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде нақты қадамдар жасау.