21
Шілде

Ақжолдықтар ардагер Мамбет Құрманбаевқа арнайы барып көмек көрсетті

21 шілде 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов пен филиал қызметкерлері «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де тұрып жатқан партияның белсенді мүшесі, ардагер Мамбет Құрманбаевқа арнайы барып, жағдайын сұрап, дәрі-дәрмек алуға ақшалай көмек көрсетті.

Сонымен қатар, партиядан көмек сұраған Нұрия апайға да ақшалай қолдау көрсетілді. Ол көз жанарын түзету үшін ота қажет екенін айтып, көмек сұрады. Адай Кенжебайұлы оны арнайы емханаға жолдап, тексеру нәтижесі белгілі болған соң, отаның шығынын көтеріп, көмек көрсететінін айтты.