24
Шілде

Ақжолдықтар азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді

24 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Қайрат Жомартұлы Боранбаев пен облыстық филиал заңгері Нұрлыбек Амангелдиев азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келушілер жеке сот орындаушыларының заңсыз әрекеттері жөнінде және жасөспірімдер мен жастарға рухани тәрбие беру, олардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында  қала ішіндегі тұрғын аудандардан  ұлттық қолөнермен немесе басқа да пайдалы кәсіпен айналысуға мүмкіндік беретін арнайы орталықтар ашу бойынша мәселелерді көтерді.