21 наурыз 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Алтынсары Үмбетәлиев, Нұржан
Әшіров, Нұржан Әжіметов, "Ақ жол" партиясының өкілі, облыстық
мәслихат депутаты Қанат Нышанов, Ханай Әшірбеков Қазығұрт ауданының
тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап,
сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Қазығұрт
ауданының әкімі Азизхан Исмаилов және аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық
округтердің әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар
мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында облыс мәслихатының депутаты, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының
төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Қазығұрт ауданына бөлініп жатқан облыстық,
республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының халықпен кездесуінде тұрғындар
Жұмысшы, Ақбастау, Шанақ, Айнатас, Алтынтөбе ауылдарына фельдшерлік-акушерлік
пункт салу қажет екенін жеткізді. Осыған депутаттар тарапынан ықпал жасауды
сұрады.
Медициналық мекемелердің қажеттілігі бойынша жер телімі бөлініп,
сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленген және облыстық денсаулық сақтау
басқармасына ұсыныс берілген. Енді жобалық-сметалық құжаттары дайын болған соң,
құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсынылады.
Аталған мәселені облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әлмаханұлы бақылауға
алып, тұрғындардың талап-тілегі өте орынды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жиында Өндіріс, Амангелді, Қызылдала, Еңбекші елдімекендерін
табиғи газға қосу, аудандағы жайылым жерлерді кеңейту, сапалы ауыз сумен қамту
өтініштер айтылды.
Ал, Қызылқия ауылының тұрғындары полигон мәселесін шешіп беруді сұрады.
Себебі, полигонға аудан бойынша күл-қоқыс тасталып, елдімекенінің тазалығына
кері әсерін тигізу екен.
Аудан әкімі бұл бағытта арнайы мекеме ашылып, техника сатып алу жұмыстары
жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.