10
Сәуір

Ақжолдықтар Бақанас ауылының тұрғындары және аудан әкімімен кездесті

10 сәуір 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Бүгін, 2025 жылдың 10 сәуірінде, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында ауыл тұрғындарының шақыруымен «Ақ жол» демпартиясының Алматы облыстық филиалының басшысы Шынасылова М., филиал басшысының орынбасары Сағымбекұлы А. және Балқаш аудандық мәслихатының «Ақ жол» демпартиясынан сайланған депутаты Нұртаев Қ.Л. ауыл тұрғындары және аудан әкімімен кездесті.

2024 жылдың 1 қарашасында аудандағы байланыс торабының абоненттік бөлімі жабылған. Осы салада жұмыс істеген ауыл тұрғындары жұмыссыз қалып, аудан тұрғындары көрсетілетін қызметтен айырылған. Қазіргі уақытта аудан тұрғындары облыс орталығы — Қонаев қаласына қатынауға мәжбүр. Ауданның шалғайдағы ауылдары облыс орталығынан 300 км қашықтықта орналасқан.

Аудан орталығындағы абоненттік бөлімнің жабылуы тұрғындарды алаңдатуда. Біз өз тарапымыздан «Қазақтелеком» басқарма басшылығына хат жазуға ұйғардық.