18 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиал
«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері қала шетінде
орналасқан "Эдельвейс" саяжайы тұрғындарының арыз-шағымы бойынша зерделеу жұмысын
жүргізді.
Табиғаты сұлы, жеміс-жидек пен көк желекке тұнып тұрған
"Эдельвейс" саяжайы көшелеріне атау берілген. Қазірғі таңда саяжайда
500-ге жуық отбасы тұрады. Тұрғындар
тарапынан құзырлы органдар мен жауапты мекемелерге бүгінгі күнге дейін табиғи
газдандыру мәселесі мен саяжай ішіндегі көшелерде асфальт жолдың болмауына
байланысты бірнеше мәрте арыз-шағым берілген.
Алайда ешқандай өзгеріс болмай, саяжай тұрғындары қолдау сұрауда.
Облыстық филиал қызметкерлері аталған саяжайға барып, мәселені өз
көздерімен көріп, танысты.
Аталған мәселелер облыстық филиал тарапынан тиісті органдар алдында
көтерілетін болады.



