20
Наурыз

Ақжолдықтар елордадағы жасыл желектерді күтіп ұстау мәселелері бойынша «Астанагенплан» кеңесіне қатысты

20 наурыз 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалының депутаттары елордадағы жасыл желектерді күтіп ұстау мәселелері бойынша «Астанагенплан» кеңесіне қатысты. Олар ағаштардың төмен тіршілікке бейімділігін атап өтіп, қаланың әртүрлі аудандарынан нақты мысалдар келтірді, сондай-ақ жасыл қорды шұғыл цифрландыру қажеттігін ерекше атап өтті. Негізгі мәселелердің қатарында техниканың жетіспеушілігі, суару жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылмауы және жауапты қызметтердің еңбекақысының төмендігі айтылды.