5 тамыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты
Батырбек Аширбаевтың бастамасымен және Кеңес мүшесі Мағжан Бағланұлының
қолдауымен ерекше жан Арыстан есімді азаматқа электронды арба (инвалидная
коляска) табысталды.
Игі істің жалғасы ретінде партия төрағасының орынбасары Шуханов Адай
Кенжебайұлы Арыстанның үйіне арнайы барып, жағдайын біліп, арбаның жайлылығы
мен жарамдылығын өз көзімен көріп қайтты.

