22 қараша 2024 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы
21 қараша күні Актөбе облыстық филиалының төрағасы, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ұлан Қозыбақов және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Дулат Қуашбаев Камбоджада Азия саяси партияларының диалогы мен ынтымақтастығын нығайтуға арналған Халықаралық Азия саяси партиялары конференциясының (ICAPP) 12-ші Бас Ассамблеясының салтанатты ашылуына қатысты.
Конференция барысында құттықтау сөзін Ассамблея ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Сенаттың бірінші вице-президенті Прак Сохонн мырза және ICAPP Тұрақты комитетінің төрағасы Чунг Ыйён мырза сөйледі.
Конференция биыл 21-24 қараша аралығында өтеді. Шараның басты мақсаты – аймақ партиялары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, негізгі сын-қатерді талқылау.
Конференцияның екінші күнінде тақырып сессияларын өткізу жоспарланған.