26
Ақпан

Ақжолдықтар Яссы секторының тұрғындармен кездесті

26 ақпан 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

Бүгін Түркістан қаласындағы Яссы секторында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар, сондай-ақ мәслихат депутаттары Ғалымжан Худияров, “Ақ жол” партиясының өкілі, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ардақ Мансұров және Ақниет Асылов қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастыру.

Тұрғындар тарапынан бірнеше маңызды мәселе көтерілді, соның ішінде:

Үй құжаттарын заңдастыру – кейбір тұрғындардың құжаттары толық рәсімделмеген, осыған байланысты заңдастыру процесін жеңілдету қажеттігі айтылды.

Тұрғын үй кезегі – халық баспана алу кезегінің жылжуы, оның ашықтығы мен әділдігіне қатысты сұрақтар қойды.

Кәріз жүйесі – кейбір көшелерде кәріз жүйесінің жоқтығы тұрғындардың алаңдаушылығын тудырады.

Көгалдандыру – аулада ағаш отырғызу, жасыл желектерді күтіп-баптау және суару мәселелері көтерілді.

Аялдамаларға ат беру – кейбір аялдамалардың ресми атауы жоқ, сондықтан тұрғындар халыққа түсінікті болатындай атаулар беру туралы ұсыныс айтты.

Жол қауіпсіздігі – көшелерде жол кедергілерін орнату, бағдаршам қою және бейнебақылау камераларын орнату мәселелері қозғалды.

Жиын барысында тұрғындардың барлық ұсыныстары мен өтініштері назарға алынды. Мәслихат депутаттары көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті сала мамандарына депутаттық сауалдар жолданатындығын жеткізді.