25 тамыз 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
Кендірлі ауылына жұмыс сапарымен барған “Ақ жолдың” Жаңаөзен қалалық мәслихат
депутаты, “МұнайФилдСервис” ЖШС бас директоры Нұрлан Белшер Жастар саябағы мен
Орталық алаңның құрылыс барысымен танысты.
Ауылды депутатпен бірге “Ақ жол” демпартиясының
мүшесі, кәсіпкер, Ерлан Сабиев және ауыл әкімінің міндетін атқарушы Медет
Асқарұлы да аралап, ауылдың өркендеуі үшін
атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады, әрі, нақты жоспарларды талқылады.
- “ Кендірлі ауылының әлеуметтік және
инфрақұрылымдық дамуына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Оның ішінде ауылдың
көркеюі мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасайтын
жобаларды қолдау маңызды екенін атап өткім келеді. Себебі заман ағымына ілесіп
отыру үшін ауылдыңда тыныс-тіршілігі жаңарып отыруы тиіс”, - дейді депутат
Нұрлан Түкмағамбетұлы.



