21 шілде 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
Ақ жол партиясынан сайланған Бөрлі аудандық мәслихат депутаттары – С.
Дүйсенов, Б. Гадельшиев, А. Елеусинова, сондай-ақ өзге де халық қалаулылары
Кентүбек ауылдық округіне іссапармен барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың
құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сапарға аудан әкімінің орынбасары
М. Нұрмаков та қатысты.
Спорт зал құрылысы
Кентүбек ауылында салынып жатқан спорт залдың құрылысын «БатысМұнайСтрой
Сервистік компаниясы» ЖШС бас мердігер ретінде жүзеге асыруда. Қазіргі таңда
жұмыстың 47 пайызы аяқталған. Жобаны 2025 жылдың соңына дейін толық аяқтау
жоспарланған.
Жоба аясында:
• Аумақты абаттандыру және
көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі;
• Баскетбол және волейбол
алаңдары салынуы қарастырылған.
Депутаттар электр желілері мен инфрақұрылымға қатысты ұсыныстарын айтып,
мердігер компания оларды назарға алатындарын жеткізді.
Мәдениет үйінің күрделі жөндеуі
Сапар барысында депутаттар Кентүбек ауылындағы мәдениет үйінің күрделі
жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.
Қазіргі уақытта жұмыстың 80 пайызы аяқталған.
Тапсырыс беруші – KPO b.v. компаниясы,
Мердігер – «БатысМұнайСтрой» Сервистік компаниясы.
Жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланып отыр.
Депутаттар жұмыс сапасы мен мерзіміне баса назар аударып, мердігер
өкілдерімен пікір алмасты.
Жұмыс тобы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, жобалардың сапалы
әрі уақытында аяқталуы қажеттігін атап өтті.






