23
Мамыр

Ақжолдықтар Көксай демалыс орталығында мәслихат депутаттарына арналған семинарға қатысты

23 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының және облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков, облыстық мәслихатқа бір мандаттық жүйе бойынша сайланған депутат Дәурен Ахметжаев Жуалы ауданының Көксай демалыс орталығында мәслихат депутаттарына арналған семинарға қатысты.

Оқу семинарында депутаттардың құқықтары мен міндеттері, сауал беру тәртібі және KPI (нәтиже көрсеткіштері) мәселелері қозғалды.

Депутаттың өз қызметінде қандай құқыққа ие?  Олар  негізгі міндеттерін атқару барысында қоғаммен қалай тиімді қарым-қатынас орнатуы тиіс? Басқосуда халық қалаулылары осы және басқа да сұрақтардың жауабын алды. Сонымен қатар, KPI жүйесінің депутаттардың жұмысын бағалаудағы рөлі мен оның тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

Ақжолдық депутаттар семинарда қоғам алдындағы өз міндеттемелерін орындау, халықпен кері байланыс орнату бағытындағы тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды.