10 сәуір 2025 жыл,
Астана қалалық филиалы
Астана қалалық мәслихатындағы «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасындағы жұмыс отырысына қатысты.
Жиын барысында қалалық бюджетті қалыптастыру және мемлекеттік-жекеменшік
әріптестік (МЖӘ) жобаларын іске асыру тетіктері талқыланды.
Астананың орнықты дамуы үшін мемлекеттік билік пен бизнес арасындағы тиімді
өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді. Әлеуметтік нысандардың құрылысына
қаржыландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Жақын арада дайындалған
ұсыныстар Мәжіліс пен Сенаттың талқылауына ұсынылады.