12
Сәуір

Ақжолдықтар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық акцияға қатысты

12 сәуір 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы

Ақтөбе олыстық мәслихат депутаттары Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты базасында өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық акцияға қатысты.

Олар институттың курсанттарымен бірге ағаш көшеттерін отырғызды.

Қатысушылар ұрпақ сабақтастығы мен жастарды патриоттылыққа тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Әскери институттың курсанттары бастаманы қолдап, алдағы уақытта көгалдандыру жұмыстарын жалғастыратындарын, әрдайым ел, жер қорғауда алғы шепте жүретіндерін жеткізді.

Айта кету керек, шараға “Ақ жол” демпартиясынан Әсем Ілиясова мен Раушан Жәлімбетова қатысты.