08
Маусым

Ақжолдықтар Ұлан ауданына барып, еңбек адамдарын кәсіби мерекесімен құттықтады

8 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Бүгін Қазақстанда Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтуде. Осыған орай «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Ұлан ауданына барып, еңбек адамдарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Фермерлермен кездесуге партия филиалының кеңесшісі Ерлан Сабыров арнайы барып, ауыл шаруашылығында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

«Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі – сіздердің маңдай тер, табанды еңбектеріңіздің нәтижесі. Ауыл еңбеккерлерінің үлесі қашанда ерекше», – деді ол өз құттықтауында.

«Ақ жол» партиясы аграрлық саланың дамуына, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдайтынын атап өтті.