02
Тамыз

Ақжолдықтар Ұлытау облысы бойынша “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді

2 тамыз 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Ұлытау облысы бойынша “Ақ жол”  партиясы филиалының Төрағасы, маслихат депутаттары, партияның мүшелерімен “Таза Қазақстан”  экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жезқазған қаласы бойынша тазалық шаралары ұйымдастырылды. Акция барысында “Фонтан” саябағының ауласын тазалап, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.

Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірге табиғатты қорғау жұмыстарына бірге атсалысайық!