25 қараша 2024 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Түркістан облысы мен Шымкент қаласының депутаттары мен кәсіпкерлерінің қатысуымен маңызды кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ұсыныстар әзірлеп, бірлескен бастамаларды талқылау арқылы экономикалық байланысты нығайту болды.
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Батырбек Мырзакелдіұлы Әшірбаев, сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Төлегенов Ноян Назарұлы кездесуге қатысты.
Олар өз кезегінде Ұлытау облысымен
ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бастамаларға оң көзқарас білдірді.