29 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының ШҚО филиалының өкілдері Марқакөл ауданында болды. Бұл
аудан 1,5 жыл бұрын қайта құрылған еді. Партия өкілдері Қытаймен шекаралас ең
алыс ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады.
Кездесу барысында көтерілген басты проблемалардың бірі – интернет пен
байланыс. Ауданға кірген сәтте бірден қытайлық роуминг қосылып кетеді, ал 10
ауылда әлі күнге дейін интернет жоқ.
«Ақ жол» партиясы бұл мәселені назарда ұстап, тиісті органдарға
жеткізетінін атап өтті.



