02
Қыркүйек

Ақжолдықтар “Мектепке жол” акциясы аясында әлеуметтік қолдау көрсетті

2 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде дәстүрге айналған “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында Ұлытау облыстық Ақ жол демократиялық партиясының облыстық маслихат депутаты Аманов Ақылбек Түсіпұлы мен бірқатар партияның кеңес мүшелері Толегенов Мұсабек Меңлібайұлы, Бұхарбаев Бекен Сламғалиұлы, Аяулина Жазира Дауылбайқызы, Сүлейменова Сарқыт Алиасқарқызы, Менлибаева Гаухар Ауезханқызы Жезқазған қаласындағы “Алтын бесік” жекеменшік бөбекжайындағы даярлық тобындағы тәрбиеленушілерге оның ішінде көпбалалы, асыраушысынан айрылған жалғызбасты аналарға әлеуметтік қолдау ретінде жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарын табыс етті. Осындай игі іс шаралар басқа өңірлерде де жалғасын табуда.

Ақ жол!