30
Желтоқсан

«Ақжолдықтар» мемлекеттік наградалармен марапатталды - Казак yнi (Алматы)

Салтанатты шараны ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өз азаматтарының еңбегі арқасында мемлекет құру, экономиканы нығайту, әлеуметтік даму, елдегі достық пен тұрақтылықты сақтау ісінде зор табысқа жеткенін атап өтті.
— Жыл өткен сайын жетістіктеріміз еселеп артып келеді. Бүл да экономика, саясат және мәдениеттің барлық саласындағы еңбектің нәтижесі. Бүгін біз құрмет көрсетіп отырған жандардың бәрі кәсіпқойлығы арқасында өз ұжымдарында үлкен сый-құрметке және жоғары беделге ие болды. Мемлекеттік марапаттар олардың өлшеусіз үлестерін көрсетеді, — деді Қазақстан Президенті.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мүсақожаеваға берілді. «Отан» орденімен Қазақстан Республикасы Парламент! Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев марапатталды.
Сондай-ақ, XX ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысының ізбасары ретінде еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы мүшелерінің еңбегі мемлекет тарапынан бағаланды.
Яғни, «ақжолдықтардың» арасынан «Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі хатшысы Сұлтанов Әбдіразақ Кенжебекұлы,«Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық партия филиалының төрағасы, партия жетекшісінің кеңесшісі Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы және «Ақ жол» КДП Алматы қалалық кеңесінің мүшесі Жампейісов Көпесбай Оразбайұлы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденін иеленді.
Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының мүшесі Әбілдаев Азамат Рахатұлы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
«Ақ жол» партиясымен бірге, халықтың қамын ойлаған елжанды азаматтардың ел алдындағы еңбегінің еленуімен құттықтаймыз. Егемен елдің ертеңі үшін еткен еңбектеріңіз жемісті бола берсін демекпіз!
Деренама - Казак yнi (Алматы), № 52 (660), 26.12.2014