09
Сәуір

Ақжолдықтар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының жүзеге асырылуын тексерді

9 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

Астаналық мәслихаттағы «Ақ жол» ҚДП депутаттары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобаларының тиімді жүзеге асырылуын тексеру мақсатында көшпелі жиынға қатысты.

Депутаттар әсіресе студенттік жатақханалардың құрылысына ерекше назар аударды. Жоспарлау, сыйымдылық және тұрмыс жағдайларына қатысты бірқатар ескертулер айтылып, құрылыс компаниясына жақсартулар енгізу тапсырылды. Сондай-ақ студенттерді орналастыру тәртібін қайта қарау ұсынылды.

Сонымен қатар, «Әкімдіктің автокөлікпен қамту қызметі» жобасына да қатысты бірқатар сұрақтар туындап, оны қосымша талдау қажеттілігі айтылды.

Ал Паралимпиадалық орталық пен «Тарлан» мұз аренасының жұмысы оң бағасын алды. Бұл нысандарда 5 мыңнан астам адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да спортпен айналысып, халықаралық аренада Қазақстанның атын шығарып жүр.