22
Мамыр

Ақжолдықтар мәслихаттың кезектен тыс 22 сессиясына қатысты

22 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясынан сайланған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары Б.Сандыбаев, Қ.Боранбаев және Н.Сопбеков мәслихаттың кезектен тыс 22 сессиясына қатысты.

Күн тәртібіне шығарылған мәселелер мен «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі бойынша "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Боранбаевтың депутаттық сауалының нәтижесінде Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылының жарықтандыру мәселесіне  қарастырылған 176 млн.теңгеден қалған 70 млн.теңгесін бөлу туралы шешім қабылданды.

Бұл Қызылордалық Ақжолдықтардың тағы бір жетістігі.

Өз кезегінде Сүттіқұдық ауылының  тұрғындары Ақжолдықтарға ризашылықтарын білдіруде.