07
Наурыз

Ақжолдықтар мәслихаттағы нәзік жандыларды “8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні” мерекесімен құттықтады

7 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутаттар Руслан Мырқалықов, Бауыржан Найзақұлов Тараз қалалық мәслихатының депутаттық корпусымен бірге, мәслихаттағы қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Салтанатты іс-шара Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай бастаған депутаттар мереке иелеріне ақ тілектерін жеткізіп, гүл шоқтарын сыйлады.

«Қалалық мәслихатта ер азаматтармен бірге тараздықтардың мұңын мұңдап, тілегін тыңдап, өтінішін жеткізіп жүрген нәзік жандылар бар. Мерекеде соларға деген ізгі тілегімізді жеткізіп, көңіл бөліп, қуаныш сыйладық. Әйел затының, аналардың, арулардың қоғамдағы орны әрқашан бөлек», - дейді Руслан Мырқалықов.