26 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Шымкент қаласында «Ақ жол» ҚДП қалалық филиалы төрағасының орынбасары
Шуханов Адай Кенжебайұлы мен филиалдың заңгері Данара Саранова Нұртас
шағынауданындағы Үшқара көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар балалар ойнайтын алаңшаның жоқтығын айтып,
өзекті мәселені алға тартты. Айтуларынша, егер қала әкімдігі тарапынан жер
телімі берілсе, ойын алаңын өз күштерімен салып алуға дайын.
Тұрғындардың ұсынысына құлақ асқан филиал қызметкерлері бұл мәселені
назарға алатынын айтып, тиісті басқармаларға депутаттық сауал жолданатынын
жеткізді.


