28
Тамыз

"Ақжолдықтар" Сайрам-Өгем ұлттық саябағында туризмнің дамуы мәселесімен танысты

https://t.me/peruash/6779

Осы аптада Сайрам-Өгем ұлттық саябағында жергілікті туризмнің даму мәселелерімен таныстық. Түркістан облыстық (Сұлтан Көшенов, Ержан Үсентаев) және Төлеби аудандық мәслихаттарының (Ермахан Сарыпбеков, Азамат Сахов) депутаттарымен бірге Сайрам-Су таулы көліне барып-келіп 30 шақырымдай атпен серуендеп қайттық. 

Батыс Тянь-Шаньның нағыз інжу-маржаны! Мол эмоция мен жағымды әсер алдым. 


Ұлттық парк 8,5 мың шаршы километрде орналасқан; қар барысы, аю, теке, т.б. ірі аңдар өмір сүріп жатыр.

Әрине, заманауи инфрақұрылым қажет, Ұлттық саябақ басшылығының айтуынша, келесі жылы бұл бағыт бойынша атпен және жаяу серуендеу үшін қауіпсіз жол төсеу жоспарлануда, тиісті тендер өткізіліп қойған. 


Әлеуеті үлкен. Бірақ туризмді дамытудың өркениетті форматта жүруі және қалыптасқан табиғи тепе-теңдікті бұзбауы өте маңызды.