25 ақпан 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасының орынбасары Нұржан
Есенбаев, Сауран аудандық мәслихат депутаты Махсуд Хажиев, Түркістан облыстық
мәслихат депутаты Қанат Нышанов, Түркістан қалалық мәслихат депутаты Ардақ Мансұров, Сарыағаш аудандық
мәслихат депутаты Әшімхан Баратов, Созақ аудандық мәслихат депутаты Бақдәулет Баймұсаев, VII шақырылым
депутаттары Жанар Салихбаева мен Пернеқыз Смаелова Ескі Иқан ауылындағы Ғашық Жүсіп Ата
кесенесін аралап, зиярат етті. Ата-бабалардың өшпес рухына құран бағыштап,
тағзым етті.
Бұдан бөлек, партия өкілдері кесене жанындағы музейдің жұмысымен танысты.
Мұражайға Ескі Иқан ауылынан табылған құнды жәдігерлер қойылған, қабырғасына
тарихи тұлғалар мен аудан мақтаныштарының портреттері ілінген. Құнды кітаптар
да осында.
ХІІ ғасырда өмір сүрген Жүсіп атаның Қожа Ахмет Ясауидің замандасы,
шәкірті, тағы бір аңыздарда жиені екені айтылған. Жүсіп атаны ұстазы Қожа Ахмет Ясауи және
жергілікті халық «Ғашық Жүсіп» деп атайды, бұл «Аллаға ғашық» дегенді
білдіреді. Иқан ауылы сол кездің өзінде бау-бақшамен айналысқанын аңғаруға
болады. Шежіреде Иқан халқының бақша жұмысымен айналысуы және Жүсіп атаның Қожа
Ахмет Ясауи бабамызға келе жатқан қонақтарды қарсы алып, 12 түрлі жүзім
түрлерімен күтіп жіберетіні жайлы сөздер қалған.