25 ақпан 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиал төрағасының орынбасары Нұржан
Есенбаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Қанат Нышанов, Сауран аудандық мәслихат депутаты Махсуд
Хажиев, Түркістан қалалық мәслихат
депутаты Ардақ Мансұров, Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Әшімхан
Баратов, Созақ аудандық мәслихат депутаты
Бақдәулет Баймұсаев, VII шақырылым депутаттары Жанар Салихбаева мен
Пернеқыз Смаелова Сауран ауданында жаңадан
ашылған «Авиценна» емхана-ауруханасына барды.
Нысан толығымен заманауи техникалармен жабдықталған, тегін дәрілер беретін
дәріханасы, ота жасайтын бөлмесі, қабылдау бөлмесі, асханасы, жедел жәрдем
көрсетуге арналған екі көлігі де бар.
Бұл медициналық нысанға қазіргі таңда 7000-нан аса адам тіркелген.
Ауруханада бір уақытта 103 адам жатып, ем ала алады. Ал емханада күніне 150-200
адамға ем-дом шаралары жасалады. Мұнда бас-аяғы 50-ден астам ақ халатты абзал
жан жұмыс істейді. Ең төменгі жалақы 200 мың теңге.
Ескі Ихан ауылында 20 000 халық бар. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің мәліметінше орталық 40 000
халыққа қызмет көрсетуге қауқарлы.
Бұл емхана болашақта, ем алушылардың қатарын көбейтіп, сапалы
медициналық көмек беруді жоспарлап отыр.
Ауыр жарақаттан соң науқас реабилитациядан өтуі шарт. Ол үшін кем дегенде 4 жатын орын жасау керек екен. Облыстық басқармаға ұсыныс жасаған. Алайда бұл мәселе әзірге жауапсыз қалыпты. Егер осы мәселе шешімін тапса, онда жағдайы ауыр науқасқа физикалық ем, одан кейін парафин, электрофорез, буындарды қалпына келтіруге арналған жаттығулар жасатуға мүмкіндігіміз бар дейді аурухана хирургы Аслан Амантайұлы.